SpaceX ғарышқа интернет тарататын спутниктер ұшырды

SpaceX ғарышқа интернет тарататын спутниктер ұшырды

Америкалық «Спэйс Икс» компаниясы Жер бетіне жылдамдығы жоғары интернет тарататын жерсеріктердің кезекті легін ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

2019 жылдан бері олардың 2 мың данасы ғарышқа жіберілді. Starlink деп аталатын бағдарлама аясында бас-аяғы 12 құрылғы ұшыру көзделген. Бірақ алдағы уақытта компания өкілдері спутник санын арттыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бұл жобаны жүзеге асыруға шамамен 10 миллиард доллар инвестиция тартылған.