Жоғарғы Рада: Украинада 70-тен астам бала қаза тапты

Жоғарғы Рада: Украинада 70-тен астам бала қаза тапты

Украинада қарулы қақтығыс басталғалы 71 бала қаза тапты. Тағы жүзден астамы жараланды. Бұл туралы Жоғарғы Раданың Адам құқықтары жөніндегі өкілі Людмила Денисова мәлімдеді.

Омбудсменның айтуынша, Ресей Женева конвенцияларының бәрін бұзған. Біріккен ұлттары ұйымы Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссардың мәліметіне сәйкес, екі апта ішінде 549 бейбіт тұрғын көз жұмған. Тағы 900-і зардап шеккен.