Түрікменстандағы президент сайлауына Г.Бердімухамедов қатысып жатқан жоқ

Түрікменстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтіп жатыр.

Орталық сайлау комиссиясы келтірген мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін сайлаушылардың 97 процентінен астамы өз таңдауын жасап үлгерген. Шетелдегі электораттың басым бөлігі дауыс берген. Жоғары мемлекеттік лауазымға үш партия атынан 9 кандидат таласып жатыр. Арасында ел президентінің ұлы Сердар Бердімұхамедов те бар. Ал Гурбануглы Бердімұхамедовтың өзі сайлауға қатысып жатқан жоқ. Ақпан айында ол жас басшыларға жол беруге дайын екенін айтып, Парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы қызметін атқаруға ниетті екенін мәлімдеген. Жаңа Президентті ұлықтау рәсімі наурыздың 19-ына жоспарланған. Түрікменстанда президент 7 жыл мерзімге сайланады.