Ресейге экспорттауға тыйым салған сән-салтанат тауарлары тізімінде 570 зат бар

Украинадағы соғысқа байланысты АҚШ-тан Ресейге экспорттауға тыйым салынған сән-салтанат тауарлар тізімінде 570 зат бар.

Олардың қатарында алкогольді ішімдік, иіс су, терідан жасалған бұйымдар, кілемдер, киім-кешек, зергерлік бұйымдар, көлік, сағат, өнер туындылары бар. Бұл шектеу наурыздың 16-сынан бастап күшіне енеді. Толық тізімді АҚШ-тың өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросы жария еткен. Америкалықтар Беларуське де осындай шектеу қойды. Бұған дейін Еуроодақ пен Ұлыбритания тарапы да Ресейге сән-салтанат тауарларын экспорттауға тыйым салу ойда екенін айтып қалған еді.