Қаңтар оқиғасына қатысты 243 қылмыстық іс қозғалды

Қаңтар оқиғасына қатысты 243 қылмыстық іс қозғалды

Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде 230 адам қайтыс болды. Елдің бас прокуратурасы осындай мәлімет таратты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға ізімен азаптау және өкілеттілігін асыра пайдалану бойынша 243 қылмыстық іс қозғалды. Өңірдегі 42 мемлекеттік орган ғимаратына және 1 630 шағын және орта бизнес нысанына зақым келді. Жалпы шығын көлемі – 38,6 миллиард теңге. 11 наурыздағы есеп бойынша аймақтық комиссияға келіп түскен өтініштердің 73 проценті мақұлданды. Яғни кәсіпкерлерге 5,3 миллиард теңге өтемақы беріледі. Қалған 438 кәсіпкерге қаржы бағалау шаралары аяқталғаннан кейін төленеді.