Байден Украинаға қаржылай көмек көрсетуге дайын

Байден Украинаға қаржылай көмек көрсетуге дайын

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға 13 миллиард 600 миллион доллар көмек қаржы бөлуді қамтитын заң жобасына қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжат АҚШ үкіметін қаржыландыруға бағытталған заң жобасының бір бөлігі болып табылады. Оны өткен аптада Конгресстің қос палатасы да қабылдаған.

Айта кетейік, бұған дейін халықаралық валюта қоры да Украинаға 1 миллиард 400 миллион бөлген болатын.

Джо Байден, АҚШ президенті:

– Біз соңғы бір жылдың ішінде Украина халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 1 миллиард 200 миллион доллар қаржы бөлдік. Украина күштеріне қару-жарақ жағынан көмектесіп, серіктестеріміздің Украинаға қауіпсіздік саласында көрсетіп жатқан қолдауларына атсалысып жатырмыз. Ал қазіргі эаң жобасы өз елін қорғап жатқан қаһарман Украина халқына көмекті одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.