Путин: Ресейдің Украинаны басып алу мақсаты жоқ

Ведомости

Ресейдің Украинадағы басты мақсаты – Донбасс халқына көмектесу. Бұл туралы Владимир Путин Украина мен елге салынған санкцияларға байланысты аймақтарды әлеуметтік-экономикалық қолдау жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, әу баста Киев билігіне Донбасстан әскерді әкетіп, қарулы қақтығысқа түспеу туралы ұсыныс жасалған. Бірақ олар бұдан бас тартыпты.

Біздің әскер тек өзін-өзі жариялаған халық республикалары аумағында әрекет етуі толыққанды бейбітшілікке әкелмес еді, Ресейге төнген қауіп те сейілмейді деді Путин. Ресей басшысы экономикалық санкциялар мен Батыс елдерінің ресейліктерге деген қарым-қатынасына да тоқталды.