Байден Путинді «әскери қылмыскер» деді

РИА Новости

АҚШ президенті Джо Байден Ресей басшысы Владимир Путинді "әскери қылмыскер" деді.

Бұл президент Байденнің Путинді Украинадағы әскери қимылдар басталғалы ең қатты айыптауы. Ақ үй оқиғаға қатысты Байден мұны Украинадағы қатігез әрекеттерге сүйеніп айтты деп отыр. Ал Ресей басшысының баспсөз хатшысы Дмитрий Песков АҚШ президентінің әрекетін "келісуге келмейтін және кешірілмейтін" сөз деп сынға алды.

Айта кетейік, кеше президент Джо Байден Украинаға 800 миллион доллар көлемінде қосымша көмек көрсетететінін жариялады. Қаржылай қолдаудың бір бөлігі әскери қару-жараққа жұмсалмақ.