Қытай Ауғанстанға 130 тонна ұн жеткізді     

Қытай Ауғанстанға 130 тонна ұн жеткізді     

Қайырымдылық екі елдегі «Қызыл Крест» қоғамы арқылы іске асқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ауған тұрғындарының азық-түлік дағдарысын шешуге көмектесуі керек. Ресми Бейжің гуманитарлық көмек жалғасатынын айтады. Экономикалық жағынан елді қалпына келтіру жұмысына да қолдау көрсетіледі. Бұған дейін америкалық Wall Street Journal басылымы Қытай билігі тәліптермен мыс пен мұнай қорын игеру бойынша келіссөз бастағанын хабарлаған. Бұл мәліметті Ауғанстандағы Қытай елшісі растаған.