Харьков пен Крематорск қалаларына тағы оқ атылды

Харьков пен Крематорск қалаларына тағы оқ атылды

Мәліметке қарағанда Ресей күштері кеше түнде Харьков қаласындағы көпқабатты оқу ғимаратын атқылап, 1 адам көз жұмған, деп хабарлайды  «Хабар 24».

Тағы бірнеше тұрғын жараланған. Сонымен қатар елдің шығысындағы Крематорск шаһарындағы бірнеше тұрғын үйге бомба түсіп, 2 адам қаза тауып, 6 кісі жараланған. 

– Жарылыстан жатын бөлме мен ас үй тас-талқан болды. Терезелер шытынап, мұздатқыш үстіме құлады. Оны үстімнен қалай көтеріп алғанымды өзім де білмеймін.