БҰҰ: 10 млн украиналық үйін тастап кеткен

Әскери іс-қимылдар басталғалы Украинада халықтың 20 проценттен астамы, яғни 10 миллион адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары хабарлайды.

Айта кетерлігі, бұл есепке өзге мемлекеттерге бас сауғалаған украиналықтармен қоса ел ішінде қоныс аударғандар да кіреді. Осы БҰҰ-ның мәліметіне сәйкес, шамамен бір ай ішінде Украинадан 3 миллион 400 мыңға жуық адам кетіп қалған. Оның 2 миллионнан астамы көрші Польша шекарасын асқан. Тағы жарты миллионы Румынияға барған.