Қытайда індетпен күрес жалғаса береді

Қытайда індетпен күрес жалғаса береді

Қытай коронавирусқа қарсы күрес шаралары тоқтамайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы өкілдері елде індеттің өршуіне байланысты осындай мәлімдеме жасады. Ақпарға қарағанда құрлықтық Қытайда өткен сенбі күні 4 мыңға жуық адамнан вирус анықталған. Жалпы наурыздың 1-і мен 18-і аралығында Қытайдың 28 провинциясында 29 мыңнан аса тұрғын вирус жұқтырыпты. Дертке шалдыққандардың басым бөлігі Цзилинь аймағының тұрғындары. Ал Гонконгте керісінше, вирустың таралуы бәсеңдеп, жергілікті билік келесі айдан бастап бірқатар елге ұшуға  салынған тиымды алып тастайтынын мәлімдеді. Ал шетелдік саяхатшылардың карантин мерзімі 14 күннен 7 күнге қысқартылады.