Қытайдың ұшақ апаты аймағында іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Қытайдың ұшақ апаты аймағында іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Осы «Боинг 737» жолаушылар ұшағы құлаған ауданда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Гуанси провинциясынан тағы 1 мың құтқарушы келген. Апат аймағында ұшақтың сынықтары табылған. Бірақ адамдардың өлі-тірсі белгісіз. Ұшақта болған жолаушылардың туған-туыстары Гуанчжоудағы халықаралық әуежайға жеткізілген. Еске салайық, кеше Қытайдың оңтүстік батысындағы Куньмин қаласынан шығып, Гуанчжоуға бет алған «Шығыс Қытай әуе желілері» компаниясына тиесілі «Боинг 737» апатқа ұшырады. Апат кезінде әуе кемесінде 9 экипаж мүшесі мен 123 жолаушы болған. Құлаған әуе кемесінің ұшып жүргеніне 7 жылдай болған. Апат себебі әзірге белгісіз. Соны анықтау үшін 6 тергеу тобы құрылды.

Ян, ұшақта болған жолаушының әріптесі:

– Біз ұшақ құлағаны туралы ести сала жұмыстағы әріптесіміздің телефонына қоңырау шалдық. Бірақ ешқайсымызға жауап қатпаған соң оның ұшақта болғанын түсіндік. Әуежайға барып сұрастырып, әріптесіміздің жолаушылар тізімінде болғанын көрдік. Содан оның туғандарына хабарласып, қайғылы хабарды айттым.