Франция ядролық оқтұмсықты алып ұшатын зымыранды сынады

Франция ядролық оқтұмсықты алып ұшатын орта қашықтықтағы зымыранды сынақтан өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Әуе-жер» санатындағы зымыранды сынау кеше жүзеге асырылған. Бірақ қарудың техникалық және өзге ерекшеліктеріне қатысты ақпарат жарияланбай отыр.

Айта кетейік, Франция – Еуропалық одақтағы ядролық қаруы бар жалғыз мемлекет.