Қытайда ұшақ апаты орнынан адам денелері табылды

Қытайда ұшақ құлаған аумақтан жолаушылардың денелері табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар Учжоу қаласы маңындағы іздестіру жұмыстарын үшінші күн қатарынан жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстарға 300-ден аса маман жұмылдырылған. Бұдан бұрын әуе кемесіндегі қара жәшіктің біреуі табылған болатын. Екіншісі әлі де іздестіріліп жатыр.

Еске сала кетейік, өткен дүйсенбі күні «Шығыс Қытай әуе желілері» компаниясына тиесілі «Boeing 737» апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 123 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған.