Қытай әуе апатынан қаза болғандардың рухына тағзым етті

Қытай әуе апатынан қаза болғандардың рухына тағзым етті

Аза тұту рәсімі ұшақ құлаған жерде ұйымдастырылды.

Іздеу жұмыстарына қатысқан мамандар мен құтқарушылар үш минут үнсіздікпен апат құрбандарын еске алды.

Еске салайық, әуе кемесінде 123 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған. 21 наурызда «Шығыс Қытай әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақ елдің оңтүстігіндегі таулы аймақта апатқа ұшыраған еді.