Испанияда 60 мигрант құтқарылды

Испанияда 60 мигрант құтқарылды

Испанияның жағалау күзеті Канар аралдарының маңында 60 мигрантты өлім аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Босқындар отырған кеме аралдың оңтүстік жағында құтқарылған. Қазір олар Аргентина портына жеткізілді. Жергілікті биліктің хабарлауынша, соңғы бір айдың ішінде Батыс Африкадан 5 мыңнан астам мигрант өмірін қатерге тігіп Испанияға бет алған екен. Бұл өткен жылғы есеппен салыстырғанда екі есеге артық көрсеткіш.