Джо Байден жаңа бюджеттің жоспарын ұсынды

Джо Байден жаңа бюджеттің жоспарын ұсынды

Бүгін АҚШ Президенті Джо Байден 5,8 триллион долларды құрайтын жаңа бюджет жоспарын ұсынып, енді оны конгресс мақұлдауы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келер жылға арналған заңнамаға сәйкес АҚШ-тың ұлттық дефициті алдағы он жылда 1 триллионға дейін төмендейді деп жоспарланған. Бұл межеге алып копарациялар мен байларға салынатын салықты көбейту арқылы жетуге болады. Мәселен, Байденнің ұсынысы бойынша табысы 100 миллион доллардан асатын отбасылар бұл қаржының 20 процентін ел қазынасына құюға тиіс. Сонымен қатар жаңа жоспарға сәйкес елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғанысына қосымша 32 млрд доллар қарастырылған. Оның 7 млрд-қа жуығы Еуропадағы одақтастар мен Украинаға жәрдем ретінде бөлінеді. Еске салайық, Байденнің жобасын енді Конгресс мақұлдауы тиіс.

Джо Байден, АҚШ президенті:

– Соңғы бірнеше жыл көптеген америкалықтар қиналып келді. Бірақ миллионерлер мен алып корпарациялар бұрын-соңды болмаған байлыққа кенелді. Себебі Трамптың салық саясаты байлар мен үлкен корпарациялардың табысқа кенелуіне жағдай жасады. Мәселен, қазіргі кезде біздің елдегі миллиардерлер орташа есеппен табысының 8 проценттін ғана салыққа төлейді. Ал өрт сөндіруші мен ұстаздар одан екі есеге дейін жоғары салық төлейді. Бұл әділетсіздік. Мен капиталистпін, бірақ байларға айтарым, ақша табады екенсіз жақсы, бірақ тиісті салықты төлеуіңіз қажет.