АҚШ-тың Пенсильвания штатында ондаған көлік апатқа ұшырады

АҚШ-тың Пенсильвания штатында ондаған көлік апатқа ұшырады

АҚШ-тың Пенсильвания штатында да бірнеше тас жол жабық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда да қар аралас жауын жауған. Әлеуметтік желілерде 40-50-дей көліктің бір бірімен соғылған бейнежазбасы тарап жатыр. Табиғат апатынан 3 адам опат болды деген хабар тарап жатыр. Ауыр жарақат алған 24 адам ауруханаға жеткізілді. Жергілікті билік мерт болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін дейді. Құтқарушылар халыққа жолға шықпауды ескертіп жатыр.