Нигериядағы теракт: қаза тапқандар саны өсуі мүмкін

Нигерияда жолаушылар пойызы жарылып, жеті адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті биліктің хабарлауынша, белгісіз біреулер вагондардың біріне қолдан жасалған жарылғыш зат орнатқан. Мыңға жуық жолаушы отырған теміржол көлігі ел астанасынан Кадуна қаласына бет алған. Жойқын жарылыстан пойыз шойын жолдан шығып кетті. Кейін қаскөйлер оқ жаудырып, бірнеше адамды кепілге алды. Қылмыстық әрекеттің себебі анықталған жоқ. Елдің құқық қорғаушылары оқиғаны теракт деді. Мамандар мерт болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін дейді. Тергеу-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.