Жапония Ресейге қатысты жер дауын қайта көтерді

Жапония Ресейге қатысты жер дауын қайта көтерді
Українська правда

Жапония мен Ресей арасындағы жер дауы осы аптада қайта ушыға бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Токио Ресей Курил деп атайтын «Солтүстік аумақ» аралдарын Кремльдің заңсыз басып алғаны туралы мәліметті дипломатиялық анықтамалыққа енгізеді. Бұл туралы Күншығыс елінің ең ірі тәуелсіз ақпарат агенттігі Kyodo хабарлады. Жапонияның «Солтүстік аумағының» басып алынғаны «Көк кітапта» соңғы рет 2003 жылы жазылған болатын.