Александр Вучич Сербия президентінің сайлауында жеңгенін мәлімдеді

Александр Вучич Сербия президентінің сайлауында жеңгенін мәлімдеді

Сербияда президенттік әрі парламенттік сайлау өтті. Саяси додада елдің қазіргі басшысы Александр Вучич халықтың басым бөлігінің қолдауына ие болған.

Сайлау нәтижесі бойынша ол бірінші турда екі мәрте жеңіске жетіп, 60 процентке дейін дауыс жинаған.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Вучич 2 млн 245 мың адамның сеніміне ие болды. Ал оның басты қарсыласы болған Здравко Понош 17,7 процент дауыс жинаған. 

Айта кетейік, мерзімнен бұрын өткен сайлауда ел президентінен бөлек парламенттегі 250 депутат та бақ сынап, Белград, Бор мен тағы ондаған муниципалитеттегі жергілікті өзін өзі басқару органдары да сайланды.  Елде 6 жарым млн азамат дауыс беру құқығына ие болды.