Зеленский Ресей мұнайына эмбарго салуды сұрады

Владимир Зеленский батыс елдерді Ресейге қарсы санкцияларын қатаңдатуға шақырады. Саясаткер Ресей мұнайынан толық бас тарту керек деген пікірде. Айтуынша, бұл Украинадағы қақтығысты тоқтатуға септігін тигізеді. 

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Кейбір саясаткерлер Ресейге мұнай арқылы келетін доллар мен еуроны қалай азайтатынын әлі күнге дейін білмей отыр. Олар өз экономикасының қамын ойлайды. Саясаттағы адамдар бұндай түйткілдерді шеше білу керек. 

РФ СІМ: Бучадағы оқиға санкцияларды қатаңдату үшін жасалған

Ресейдің сыртқы істер министрлігі Буча қаласындағы оқиға шындыққа жанаспайтынын айтады. Ведомствода ұсынылған суреттер мен бейнекадрлар Ресейге қарсы санкцияларды қатаңдату үшін  және Киевпен арадағы келіссөзді үзу үшін қолдан жасалынған делінген.