Ғарышқа алғашқы туристік рейс жіберілді

Ғарышқа алғашқы туристік рейс жіберілді

SpaceX Халықаралық Ғарыш агенттігіне адамзат тарихында алғаш рет туристік рейс жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Crew Dragon кемесіне орнатылған Falcon 9 зымыраны Флорида штатының Канаверал мүйісіндегі космодромнан ұшырылған. Экипаж құрамында бұрын НАСА-да істеген астронавт Майкл Лопес-Алегриа және америкалық кәсіпкер, канадалық инвестор мен израильдік бизнесмен бар. Ғарышқа барып-қайту және халықаралық станцияда болатын 8 күн үшін аталған 3 жолаушы 55 миллион доллардан төледі. Туристер Жерге 19 сәуірде оралуға тиіс.