Crew Dragon кемесін мінген туристер ғарыш станциясына жетті

Дүниенің бір шетінде адамдар аштан өлмеу үшін тайталасып жатса, ақшасы көптер жердің беті қалып, ғарышта сайран салады.

«Спейс Икс» компаниясының «Крю Драгон» кемесі Халықаралық ғарыш станциясына жетті. Бұл әлемдік космонавтика тарихында қолға алынған коммерциялық туристік миссия.

«Фалкон» зымыраны Флорида штатының Канаверал мүйісіндегі космодромнан ұшырылған. Ғарышқа барып қайту және халықаралық станцияда болатын 8 күн үшін аталған 3 жолаушы 55 миллион доллардан төледі. Туристер Жерге 19 сәуірде оралуы тиіс.