Иран ядролық келісімді жаңғырту шарттарын атады

Иран ядролық келісімді жаңғырту шарттарын атады

Иран ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзде ілгерілеу болу үшін АҚШ санкциялардың бір бөлігін алып тастауы керек. Иранның сыртқы істер министрі осылай дейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

2018 жылы Америка аталған келісімнен шығып кеткен еді. Содан бері құжаттың мәні кетіп, Иран уранды игеруге белсенді кіріскен-ді. Бірақ былтыр АҚШ пен Иран бұл келіссөзді жалғастыруға уағдаласқан. Алайда көп ұзамай ол қайтадан тығыраққа тірелді.