Конголық пластиктен жаяу жол плитасын жасады

Конголық пластиктен жаяу жол плитасын жасады

Конгода жергілікті бизнесмен пластик заттардан жаяу жолға арналған плиталар жасауды қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өндіріске қажеттінің бәрін конголық азамат өзенге жиналған, қала көшелерінде жатқан қоқыстан алатын көрінеді. Жұмысшылар алдымен оларды жинап, кейін балқытып, қажетті формаға келтіреді. Кәсіпкердің айтуынша, плиталарға деген сұраныс жоғары. Себебі бағасы қымбат емес. Оның үстіне, цементке қарағанда күтімді аса қажет етпейді екен.