Шри-Ланкада президентке қарсы халық толқуы ушығып барады

Шри-Ланкада президентке қарсы халық толқуы ушығып барады

Шри-Ланкада президенттің биліктен кетуін талап еткен халық толқуы ушығып барады.

Ереуілшілер қазіргі мемлекет басшысы Готабая Раджапаксаның тұсында ел экономикасы қатты құлдырап кетті деп айыптайды. Жергілікті тұрғындар үшін негізгі кіріс көзі - туризм саласы тоқырап қалған. Бұл мемлекеттік валюта қорының азаюына әкеліп, үкімет қарызға белшеден батқан. Осының кесірінен жанармай, электр энергиясы, азық-түлік және дәрі-дәрмектің бағасы удай қымбаттады. Дағдарысқа байланысты өткен аптада үкімет тарап, қазір президент елді тек бірнеше министрмен басқарып келеді.