Италияда электр моторлы қайық сынақтан өткізілді

Италияда электр моторлы қайық сынақтан өткізілді

Италияда су асты қанаттары бар RaceBird электр моторлы қайық сынақтан сәтті өткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ерекше дизаинды жасауға судың бетімен қалықтап ұшатын құстар мен табиғаттағы басқа мысалдар негіз болған. Оның тұжырымдамасын авторлар былтыр маусымда ұсынған болатын. Инновациялық технологиялардың көмегімен судың бетіне емін-еркін көтеріле алады. Сонымен қатар энергияны аз жұмсайды әрі жүрісі өнімді. Қайыққа аспалы қозғалтқыш орнатылған.