Германияда қалқымалы күн электр станциясы іске қосылмақ

Германияда қалқымалы күн электр станциясы іске қосылмақ

Жобаны жергілікті компанияның бірі кен орнында пайда болған көлде жүзеге асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

400-ге жуық қалқымалы күн панельдерінен тұратын электр станциясының қуаты 3 мегаватты құрайды. Мамандардың айтуынша, тез орнатылатын құрылғы Германияның Ресей отынынан тәуелділікті азайтуға көмектеседі. Сонымен қатар жыл сайын ауаға 1 мың тоннадан астам көмір қышқыл газын шығаруды қысқартады.

Тони Вейгель, Baywe R.E. компаниясының өнімдерді өткізу жөніндегі басшысы:

– Біз елде қалқымалы күн электр станцияларын салу мен олардың келешегін көп зерттедік. Қазіргі жоба су бетінде осындай қуат көздерін өндіретін электр станцияларын салудың бастамасы деп айта аламыз. Біздің есебімізше Германияда пайдаланусыз жатқан көлдерде 20 гигаватқа дейін күн энергиясын өндіруге болады.