АҚШ-та атыс болып, 13 адам жараланды

https://t.me/Zanamiviehali/11617

Нью-Йорктегі Бруклин станциясындағы атыстан 13 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпаратты The New York Times растады. Жергілікті полицияның мәліметінше, атыс жергілікті уақыт сағат 08:30 шамасында Нью-Йорктегі 36-көше метро станциясында болды. Жараланған адамдардың суреттері әлеуметтік желілерде жарияланды. Алдын ала мәлімет бойынша, 13 адам зардап шеккен.