Ливанда нан тапшылығы басталды

Ливанда нан тапшылығы басталды
Kazgazeta.kz

Дүниежүзілік сауда ұйымы бас директоры айтқан тағы бәрі мәлімет бойынша Ресей мен Украина Африканың 35 еліне азық-түлік өнімін импорттайды екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан Ливанда нан тапшылығы анық байқалып отыр. Бұл елде қор да жоқ. Барлық тиісті инфрақұрылым 2 жыл бұрын Бейрутта болған жойқын жарылыстар кезінде қирап қалған.

– Ауызашарда жеу үшін нан іздеп едім, таппадым. Жалпы күнкөріс қиындап барады.

– Қазір жұмыртқаның бағасы удай, қалтамыз көтермейді. Сұраныс артқан сайын кәсіпкерлер бағаны аспандатып жатыр. Сонда да амалсыз аламыз. Себебі бала-шағаны тамақтандыруымыз керек.