АҚШ-та тұңғыш қазақ мектебі ашылды

Білім ошағы Пенсильвания штатының Филадельфия қаласында бой көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді Америкада туып өскен өрендер ана тілін үйреніп, қазақ тарихын танып өседі. Домбыра тартып, салт-дәстүрлерімізді де санасына сіңіреді. Білім мекемесінің ережесіне сай, мектепке 6-16 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдер қабылданады екен. Айта кетейін, аталған қазақ мектебінің құрылтайшысы – Пенсильвания штатындағы Kazakh American қауымдастығының президенті – Жұлдызай Исмаилова.