Грекияда коронавирустық шектеулер алынады

Грекияда коронавирустық шектеулер алынады

Мамырдан бастап Грекияда коронавирустық шектеулердің көбі алынып тастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаз соңына дейін жергілікті тұрғындар мен туристер ғимаратқа кірерде ковид-төлқұжат немесе ПТР-тест анықтамасын көрсетуден босатылмақ. Бұдан бөлек, вакцина алмаған қызметкерлерге қатысты талаптар да біршама жеңілдейтін болды. Ал екпе салдырмаған қарт кісілерге айыппұл салынбайды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, билік, осылайша, туристік маусымға дайындалып жатыр.

Айта кетейін, бүгінге дейін Грекияда халықтың 70%-інен астамы коронавирусқа қарсы вакцина салдырған.