Гаитида ұшақ апатынан бес адам көз жұмды

Гаитида ұшақ апатынан бес адам көз жұмды

Гаити астанасы Порт-о-Пренсте шағын ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан 5 адам мерт болды. Ұшақ бортында 6 адам отырған. Ұшқыш ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, әуе көлігі жерге құлаған кезде жүк көлігіне соғылған екен. Салдарынан тағы бірнеше адам жарақат алған. Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тексеру ісі басталды.