Мариуполь қаласындағы өндірістік нысанды бомбаламауға бұйрық берілді

Мариуполь қаласындағы өндірістік нысанды бомбаламауға бұйрық берілді
4 дня назад EADaily

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Мариуполь қаласындағы өндірістік кешенді бомбаламауға бұйрық берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол бұл туралы осы елдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен кездесуінде мәлімдеді. Қорғаныс министрі болса, аталған «Азов-сталь» зауытында 2 мыңнан астам атқыш ұшақтың жасырылғанын жеткізді.

Владимир Путин, РФ президенті:

– Өндірістік аумақты бомбалау ұсынысын орынсыз деп есептеймін. Бұл шабуылды тоқтатуды бұйырамын. Біз бұл жағдайда және әрқашанда сарбаздарымыз бен офицерлеріміздің өмірі мен денсаулығын сақтау жағын бірінші кезекте ойлауымыз керек. Бұл үңгірге кірудің қажеті жоқ. Бірақ аталған өндірістік кешенді қоршап, шыбын да өте алмайтындай қылу керек. Осыған дейін қаруын тастамағандарға берілуді тағы да ұсыныңыздар. Ресей тарапы олардың өмірін сақтауға, тиісті халықаралық құқықтық актілерге сәйкес жақсы қарауға және жарақат алғандарға білікті медициналық көмек көрсетуге кепілдік береді.