Ыстамбұлда сағатпен қойылған бомба залалсыздандырылды

Мегаполистің Гази-оспан-паша ауданындағы 5 қабатты ғимарат алдында орналастырылған жарылғыш затты дер кезінде тұрғындар байқап, қауіпсіздік сақшыларына хабар берген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ыстамбұлдың лаңкестікке қарсы күрес бөлімшесі қауіпті қаруды дер кезінде залалсыздандырып, ауданда басқа да жарылғыш заттардың бар-жоғын тексеріп жүр.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Бурса қаласында тергеу изоляторының қызметкерлері мінген автобуста жарылыс болып, бір адам қаза тапқан еді.

Айта кеткен жөн, Түркия екі күн бұрын Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмысшы партиясының содырларына және Сирияда ДАИШ лаңкестік ұйымына қарсы жаңа операция бастаған еді.