Нью-Йорк соты Трампқа айыппұл салды

Нью-Йорк соты Трампқа айыппұл салды

Дональд Трампқа соттың талаптарына қарсы шыққаны үшін айыппұл салынды. Заңға сәйкес АҚШ-тың бұрынғы президенті өз міндетін атқармайынша күніне 10 мың АҚШ доллар айыппұл төлеп отырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Нью-Йорк штатының бас прокуроры хабарлады. Трампқа тағылған айып мынау: Кәсіпкер өз компаниясын тексергісі келетін тергеу тобына тиісті құжаттарды беруден бас тартқан. Оның қорғаушысы да сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеді.