Ресей газы Болгария қажеттілігінің 90%-ін жауып отырған

Ресей газы Болгария қажеттілігінің 90%-ін жауып отырған

Ресей газы Болгария қажеттілігінің 90%-ін жауып отырған 

Болгарияға жылына 3 млрд текше метр ресейлік газ жеткізіледі. Ол жергілікті қажеттіліктің 90%-ін жауып отырған. «Газпроммен» арадағы келісімшарттың мерзімі жыл соңында аяқталуы тиіс еді. Енді билік шикізаттың баламалы көздерін іздеп жатқанын айтып, тұтынушыларға шектеу қойылмайтынына сендірді. Болгария Ресей көгілдір отынды  «саяси және экономикалық қару» ретінде қолданып жатыр дейді. Сондай-ақ ресми Мәскеудің бұл әрекетін бір жақты бопсалау деп атады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Александр Николов, Болгария Энергетика министрі:

Ресей ұсынған екісатылы төлем жүйесі біз үшін қауіпті болуы мүмкін. Өйткені келісімшарт бойынша біз еуромен төлем жасауымыз керек. Алайда оны доллармен жүргізіп, кейіннін рубльге ауыстыру шарт талаптарын бұзуға теңелуі мүмкін. Оның үстіне айырбастаудың да қай бағаммен жүргізілетіні де белгісіз.