SpaceХ экипажы ғарышқа 16 сағатта жетті
Ішінде 4 адамы бар америкалық Crew Dragon кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 16 сағатта жетті.
НАСА-ның мәліметі бойынша, SpaceX компаниясының капсуласы ең жоғары жылдамдықпен ұшқан. Жер маңайындағы орбитада 3 америкалық ғарышкер мен Еуропалық ғарыш агенттігінің өкілі әріптестерін алмастырады.
Айта кетейік, бұл НАСА мен SpaceX іске асырған Халықаралық ғарыш станциясындағы экипажды ауытырудың төртінші миссиясы.