Ауғанстанда жарылыстан қаза тапқандар саны артты

Ауғанстанда жарылыстан қаза тапқандар саны артты

Ауғанстан астанасы Кабулдың мешітінде болған жойқын жарылыстан мерт болған адамдардың саны 50-ден асты.

Бұл туралы Халифа Сахиб мешітінің басшысы айтты. Бұған дейін 9 адам қаза тапты деп хабарлаған едік. Оқиғадан жарақат алған 78 адам ауруханада жатыр. Лаңкестік әрекетке қатысты жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. АҚШ пен БҰҰ Кабулдегі қанды оқиғаны қатаң сынға алды. Жарылыс кезінде БҰҰ-ның екі қызметкері отбасы мүшелерімен мешітте болған.