Ресей Украинадағы 17 әскери нысанға соққы жасағанын хабарлады

Ресей Украинадағы 17 әскери нысанға соққы жасағанын хабарлады

Ресейдің Қорғаныс министрлігі болса, кеше Украинаның 17 әскери нысанына соққы жасалынғанын хабарлайды.

Айтуынша, бір күнде 200 украиналық сарбаз қаза болып, 23 броньдалған көлік істен шықты.

Игорь Конашенков, Ресей Қорғаныс министрлігінің өкілі:

- Ресейдің дәлдігі жоғары зымырандары бір тәулікте 17 әскери нысанды жермен жексен етті. Оның ішінде 5 артиллериялық бекініс, командалық пункттер, ұшқышсыз аппараттар, 12 зымыран мен Днепропетровск облысындағы  қару - жарақ қоймасы  бар. Одан бөлек 200 ұлтшыл мен 23 әскери техниканың көзі жойылды.