АҚШ-та пойыз жеңіл көлікті соғып кетті

АҚШ-та пойыз жеңіл көлікті соғып кетті

АҚШ-тың Флорида штатында пойыз жеңіл көлікті қаққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан автокөлік жүргізушісі қаза тапқан. Оқиғадан кейін аймақтағы теміржол қатынасы бірнеше сағатқа тұралап қалды. Көлік неліктен шойын жолда тұрғаны әзірге белгісіз. Қазір апатқа нақты не себеп болғаны анықталып жатыр. Айта кетейік, «Асошиэйтед пресс» ақпарат агенттігінің мәліметіне сүйенсек, аймақта теміржол апатынан 2017 жылдан бері 60-қа жуық адам мерт болған екен.