Солтүстік Корея Шығыс теңізді белгісіз қарудан атқылады

Солтүстік Корея Шығыс теңізді белгісіз қарудан атқылады

Солтүстік Корея Шығыс теңізге қарай тағы белгісіз қаруды атып сынады.

Бұл туралы Оңтүстік Корея ақпарат құралдары хабарлады. Бірақ Пхеньянның бұл жолы қандай қаруды ұшырғаны белгісіз. Оңтүстік Корея тарапы құрлықаралық баллистикалық қару болуы мүмкін деп болжап отыр. Айта кетейік, Солтүстік Корея жыл басталғалы осымен 14-рет зымыран ұшырып отыр. Сәуір айында тактикалық ядролық қарудың тиімділігін арттыратын жүйені сынаған.