Қылмыскерге күзетші әйел көмектесуі мүмкін – АҚШ

Қылмыскерге күзетші әйел көмектесуі мүмкін – АҚШ

АҚШ-тың Алабама штатында бірер күн бұрын қылмыскердің түрмеден қалай қашқаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция 38 жастағы Кейси Уайтқа күзетші әйел көмектескен болуы мүмкін деп болжап отыр. Бейнекамерада оның қылмыскерді сотқа жалғыз апара жатқаны түсіп қалған. Бірақ олар сот тыңдауына жетпеген. Ал мінген көліктері сауда орталығының аялдамасынан табылады. Осыған байланысты күзетші әйелді де қамауға бұйрық берілген. Ол аса қауіпті қылмыскерді жалғыз алып жүріп, ішкі тәртіпті бұзған.