БҰҰ: Былтыр 3 мыңнан астам мигрант теңіз арқылы діттеген жеріне жетпеді

БҰҰ: Былтыр 3 мыңнан астам мигрант теңіз арқылы діттеген жеріне жетпеді

2021 жылы Еуропаға теңіз арқылы жетпек болған 3 мыңнан астам мигрант суға батып көз жұмған немесе із-түзсіз жоғалған.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі агенттігі хабарлады.

Мамандардың мәлімдеуінше, аталған көрсеткіш осыған дейінгі деректерден 2 есе көп. Халықаралық қауымдастық тиісті елдерді кәрі құрлыққа жеткісі келетін мигранттар үшін қауіпсіз теңіз жолын ұсынуға шақырды. Ал биылғы жылдың басынан бері 478 босқын ажал құшқан немесе хабар-ошарсыз кеткен.