Боливияда жарылыстан 4 адам қаза тапты

Боливияда жарылыстан 4 адам қаза тапты

Боливияның Потоси қаласындағы университетте жарылыс болды.

4 студент ажал құшып, 52 студент жараланды. Құрбандардың барлығы бойжеткендер. Жарылыс жиналыс кезінде болған. Жиналғандар Жергілікті университеттер федерациясына өкілдер сайлау науқанын талқылап жатқан. Жарылысты ұйымдастырған адамның жеке басы әзірге белгісіз.

"Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, осы жолғы  сайлау қарсылас топтар арасында кикілжің тудырып, соңы төбелеспен аяқталатын. Өйткені аталған Федерация студенттерден жиналатын көп көлемдегі ақшаға иелік етеді, түрлі іс-шараларға жаратады.

Липберт Чок, Потоси полициясының басшысы:

- Қайғылы оқиға дәрісхана ішінде болды. Студент пе әлде сырттан кірген басқа адам ба, ол жағы әлі нақтыланған жоқ, сол газ шашатын гранатаны жарып жіберген. Салдарынан қалың топтың арасында үрей туып, олар бірін бірі таптап, жастар көз жұмды. Жарақат алған 50-ден астамы қазір ауруханада жатыр.