Мексикада жоғалған туыстарына іздеу салуда

Мексикада жоғалған туыстарына іздеу салуда

Мехикода жақындарын жолғатқандар жылдар бойы таба алмай жүрген жүздеген адам көшеге шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қолдарына туған-туысының суретін ұстаған жұрт билік пен тәртіп сақшыларының әрекетсіздігін сынға алды. БҰҰ дерегі бойынша Мексикада былтыр 100 мыңдай адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Олардың көбі әйелдер мен балалар екен. Азаматтардың жаппай жоғалуы 2006 жылы ел билігінің есірткі картельдерімен күрес жүргізе бастауынан кейін күрт артқан.

Мемлекет қазір соғыс жағдайында тұр. Бірақ қаза тауып жатқандар сарбаздар не болмаса, тәртіп сақшылары емес, көшеге шыққан қарапайым азаматтар. Олар қайтіп келе ме, жоқ па білмеймін. Өз басым тергеу жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанына көңілім толмайды.