Пуэрто-Рико жағалауында жоғалған мигранттар іздестіріліп жатыр

Пуэрто-Рико жағалауында жоғалған мигранттар іздестіріліп жатыр

Пуэрто-Рико жағалауында апатқа ұшыраған қайықтағы тағы 7 мигрант құтқарылды.

Бұған дейін судан 31 босқынның аман-есен шығарылғанын хабарлағанбыз. Апат ауданында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасты. Кеше Пуэрто-Рикодағы Десечео аралына жақын жерде босқындар мінген қайық жартасқа соғылып, 11 адам қаза тапты. Ондаған мигрант әлі табылмай жатыр. Құтқарылған бір босқынның айтуынша, қайықта 70-ке жуық адам болған. Олардың дені Гаити азаматтары.