Үндістанда аптап ыстықтан құстар қырылып жатыр

Үндістанда аптап ыстықтан құстар қырылып жатыр

Шөл қысқан құстар ұшып бара жатқан жерінен жерге құлап түсуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыны байқаған еріктілер қанаттыларға барынша көмектесуде. Олар әлсіз құстарды жинап, жазылып кеткенше күтіп-бағып отыр. Соңғы бірнеше аптада мыңдаған құсқа көмек көрсетілген. Айта кетейік, Үндістанда соңғы айларда аптап ыстық күшейіп, өзен-көлдер тартылып жатыр.

Манож Бхавсар, ерікті:

– Аптап ыстықтан құстың бәрі әлсіреп жатыр. Салдарынан су іше алмай көктен құлайды. Адамдарды шама келгенше құстарға су беруге шақырып жатырмыз.